Мектептер карантинге жабылды

0 29

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасын жария етті.«2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан оқушылар арасында КВИ 1017 жағдайы тіркелген, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 232, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында – 785 жағдай. 79 мектеп карантинге жабылды, қазіргі уақытта 21 мектепте карантин жалғасуда» деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын 94 балада КВИ анықталды. 2260 қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =