©2020 Астана Ақшамы
Мектептегі «Апамның астауы»
Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейінде Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінің желісі бойынша ерекше сайыс өтті.
Мектептің 8-сыныптары арасында өткен сайыстың мақсаты – өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ақ жаулықты әжелердің ғибратты жолдарын өнеге ету.
Сайыста қыздар өздерінің әжелері мен аналары туралы әңгіме айтып, олардан үйренген ақыл-кеңестерін, тәрбиелік сөздерін салды. Сондай-ақ, ұмытылып бара жатқан әже әлдиінің балдырғандарға тигізер пайдасы жайы да кеңінен сөз болды.
Оқушылар Оралхан Бөкейдің шығармасын да талқылап, ондағы ана бейнесі мен бүгінгі әйелдердің бітім-болмысын салыстырып, өзіндік көзқарасын білдірді.
Жарыста мұғалім Шынар Рахметованың жетекшілігіндегі сынып жеңімпаз атанды. Ал, «Эссе» жазу кезеңінің сайысында оқушы Гауһар Амангелдінің жазған ойтолғауы І орынды еншіледі.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ