Мектепте тамақтандыру қалай ұйымдастырылады?

0 18

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы ­республикалық қоғамдық бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның міндеттерін іске асыру шеңберінде және «Адал бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында «Нұр-Сұлтан қалалық білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдау кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінде қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған тендерлер өткізу кезінде көптеген заң бұзушылықтар анықталғаны көтерілген мәселе болды. «Аудит қорытындылары бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы қалалық мемлекеттік сатып алу бөліміне бұйрық шығарылды. Аудит барысында комиссиялардың дұрыс жұмыс жасамағаны және жекелеген жеткізушілердің мүдделерін қорғағаны анықталды» деді «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллин осы мәселе бойынша желіде өткен қоғамдық тыңдау кезінде. Баяндамашы нақты мысал келтірді. «Мысалы, бір жеткізуші жеті лот бойынша жеңіске жеткен, бұл ­ТК ­Наурызбаев, ол келесі бұзушылықтармен конкурс­қа жіберілген яғни нарықтағы тәжірибеге сәйкес оған 6,8 баллдың орнына заңсыз түрде 10 балл берілді, ондай бұзушылықтар барлық жеті лотта кездеседі. Ұқсас бұзушылықтар байқаудың барлық дерлік партияларында анықталды» деді. Анықталған фактілерден басқа оның айтуынша, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу процедурасына қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру және олардың әділ бәсекелестігі үшін мемлекеттік сатып алу қағидаттары бұзылған. «Бұдан шығатыны, комиссия мүшелері жекелеген жеткізушілердің мүдделерін қолдаумен айналысқан. Сонымен қатар комиссиялардың құрамын таңдауда заң бұзушылықтар бар. Комиссия төрағасы бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам болып тағайындалуы керек. Алайда барлық лоттар бойынша байқау комиссияларының төрағалары қоғам қайраткерлері мен мектеп директорлары болып табылады» деп қосты Дәулеткерей Рахметуллин.
Оның мәлімдеуінше, шарттарды бұзып және анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазым­ды адамдардың тәртіптік жауапкершілі­гін қарастырудан басқа, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың барлығы, оның ішінде конкурстық комиссияның мүшелері де жауап беруі керек. Сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген жеткізушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіміне енгізілуі тиіс. «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан филиалының директоры Дәулеткерей ­Рахметуллин осы мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларын шақыра отырып және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдарының өкілдері барлық іс-әрекеттердің заңдылығын бағалау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің талқылауына жіберілуі керектігін мәлімдеді.
Қоғамдық тыңдауға қатысқан Нұр-Сұлтан әкімдігінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу және болдырмау, олардың салдарын барынша азайту туралы өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =