«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мектепте медиация жандана ма?

0 23

Нұр-Сұлтан қаласында мектеп медиациясын дамыту мақсатында №26 мектеп-гимназияда «Мектеп медиация­сының қызметі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға қатысқан Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен өзінің құттықтау сөзінде елімізде, әсіресе мектептерде медиация институтын дамыту өте маңызды екенін атап өтті. Сенатор бұл жәбірлеуді азайтады және балалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады деп санайды.

1497458663_article_b

Отырыста №26 мектеп-гимназиясының өкілдері 2013 жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан мектеп медиация­сының жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Депутатқа осы кезеңде үлкен жетістіктерге қол жеткені туралы айтылды.

Дөңгелек үстел барысында осы саладағы шетелдік сарапшылар да сөз алды, олар, атап айтқанда, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы мектеп медиация­сының дамуы туралы айтты. Дөңгелек үстел жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары мен медиаторлар, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Бұл кездесу өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын іске асыру шеңберінде өтті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды