«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мектепте – Ілияс музейі

0 3

Қаламыздағы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында Құлагер ақынның музейі ашылды. Музейге Ілияс Жансүгіровтің 20 томдық жинағы мен жеке құжаттарының көшірмелері қойылды. Ақынның отбасы мен жыр дүлдүлінің шығармашылығын зерттеген ғалымдар жайында мәліметтер орналастырылды.

2022_04_29_crop-26_11_826x1239_d80b6a4d-e273-4208-99d2-7c0871ecd322

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жиналғандарды осынау айтулы оқиғамен құттықтады. Осы мектептегі жұмысқа тоқталып, «Гидропоника», «Ракета модельдеу» зертханалары ашылғанын, енді мектеп жанынан жылыжай салынып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков ақынның аманаты мәселесін қозғап, оқушыларға батасын берді. Қарағандыдан арнайы келген ақынның ұрпағы, С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актрисасы Нұржібек Жансүгірова шараны ұйымдастырғандарға алғыс айтты. Мұражайға Ілияс Жансүгіровтің 60-жылдары шыққан таңдамалысы мен оның інісі Қызырбектің фотосын сыйлады.

Қонақтар білім ордасындағы «Гидропоника», «Ракета модельдеу» зертханасын аралады. Мектеп оқушылары дайындаған концертті тамашалады. Онда жақында өткен «Ілияс оқулары» қалалық байқауының жүлдегерлері марапатталды.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды