«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мектепте де музей бар

0 66

Ұлттық музейде Балалар жылы аясында «Ең үздік мектеп музейі-2022» қалалық байқауы қорытындыланды. Оған Нұр-Сұлтан қаласының 15 білім беру мекемесі қатысты.

277767285_379426417523787_7068259730327668044_n

Шара мақсаты – білім беру ұйымдары музейлерінің қызметін жетілдіру және мектеп музейлері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы және Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы иеленді. Жүлделі ІІ орын Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы мен Қайым Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясына бұйырса, жеңімпаз болып Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылды.

«Ең үздік мектеп музейі-2022» қалалық байқауы «Рухани жаңғыру», «Тәрбие және білім» бағдарламалары аясында, «Өлкетану» базалық бағыты, «Тарих мұрасы» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды