«Мектепке жол» жалғасуда

0 25

Аз қамтылған отбасылардың және көмекке мұқтаж балаларға бағытталған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.

DAR02915
DAR02921
DAR02923
DAR02926
DAR02932
DAR02934
DAR02938
DAR02952
DAR02955
DAR02958
DAR02960
DAR02963
DAR02970
DAR02973
DAR02976
DAR02983
previous arrow
next arrow

Көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» парақшасында өтінім беру қажет. Акция аясында Білім басқармасы 8000-ға жуық баланы көмекпен қамтуды жоспарлап отыр.

Осы жылдың басынан бері 4 507 оқушыға көмек көрсетілді. Оның ішінде жаңа оқу жылы қарсаңында акция аясында 1789 балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактары берілді. Қазіргі таңда көмекке мұқтаж балаларға кеңсе тауарлары салынған рюкзактарды тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Акция аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мұқтаж балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жыл бойы демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 15 =