«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

0 120

_MG_9657

Сейсенбі күні «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүрген «Мектепке жол» акциясының қоры­тындысы жайында баспасөз мәслихаты өтті.

Мәресіне жеткен акция жөнінде баяндаған қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, «Мектепке жол» акциясы аясында «Бірінші сыныпқа бірінші рет», сауда орындарында мектепке қажетті заттарды қабылдауға арналған контейнерлер орнатқан «Қайырымды қолдар» және «Баланы мектепке дайындаймыз» атты үлкен-кіші шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 16-23 тамыз күндері өткен мектеп жәрмеңкелерінде оқушы формалары мен кеңсе тауарлары 50 пайызға дейінгі төмендетілген бағамен сатылды.

Аталмыш акцияға қолдау көрсеткендері үшін «ҚазАэроСервис», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Цесна Банк» акционерлік қоғамы, «Қазақ Түрік Мұнай» ЖШС, «Дар», «KZ» қоғамдық қорлары мен «Тұран Астана» университеті марапатталды.

Жиын соңында бірнеше мектептің оқушыларына қыстық киім үлестірілді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =