«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ӨЗ ҮЛЕСІМІЗДІ ҚОСАЙЫҚ!

0 161

IMG_5133

Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету және көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын жандандыру мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізілуде.

Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы барлық баланы, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес, аса мұқтаж отбасынан шыққан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, тәуекел тобындағы және өзге де әлеуметтік осал топтағы балалардың оқумен қамтылуына жағдай жасап, олардың жаңа оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау. Бұл бағытта Астана қаласы Білім басқармасының арнаулы жоспары негізінде №31 мектеп-гимназияда мектепішілік шаралар жоспары құрастырылды.

Акцияның жүргізілу барысы туралы ақпараттық бұрыш іске қосылды.

Бүгінгі күні бала оқытып, оны мектепке даярлау – ата-ана алдындағы күрделі мәселелердің бірі. Осы орайда 2014 жылдың 16 және 23 тамызында Астана қаласы әкімдігінің ғимараты алдындағы орталық алаңда мектеп жәрмеңкесінің өтетіндігі және жәрмеңкеде ата-аналар нарық бағаларынан төмен мектеп формасын, оқу құралдарын, оқулықтар сатып алуға болатындығы туралы ақпарат таратылып, мектеп сайтына хабарландыру орналастырылды.

Оқу ісінің меңгерушілерімен жоғары және орта кәсіптік білім алу орындарына түскен түлектер саны анықталды, есеп жасалды. Мектеп директоры тарапынан материалдық көмекке мұқтаж түлектердің орта кәсіптік білім алып шығулары үшін оқу орындары көптеген жұмыс атқаруда. Мұғалімдер мектептің қарауына бекітілген тұрғын үйлерді аралауға қызу кірісіп кетті.

Балаларды мектепке қабылдау комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда. Осы мәселе бойынша ата-аналарға кеңес беру үшін ақпараттық алаң ұйымдастырылды. Алдағы уақытта акция шеңберінде өткізілетін шараларға ата-аналардың қолдау көрсететіне сенімдіміз.

А.Көшкімбаева
№31 мектеп-гимназияның
оқу ісі меңгерушісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + ten =