Мектепке апаратын мейірім жолы

0 44

Жаңа оқу жылы да жақындап қалды. Осы кезеңде ата-ана балаларын мектепке дайындауға кіріседі. Кеше елордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Қайырымдылық шара аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсетіледі. Ол үшін көмекке мұқтаж ата-аналардан «Менің Атамекенім» порталындағы «Мектепке жол» atamekenim.kz платформасына өтініштер қабылданады.

«Бұл платформа мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта порталда ­Нұр-Сұлтаннан 3229 өтініш тіркелген. Кезек бойынша меценаттар мен кәсіпкерлер отбасыларға көмек көрсетеді» деп атап өтті қалалық Білім басқармасында.
Тізімдегі алғашқы он отбасыға 15 тамызда планшеттер ұсынылады. Айта кетейік, жыл басынан бері акция аясында 4203 мұқтаж оқушыға 42 миллион теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетілген.
Шараға қатысуға ниеттілер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 701 187 68 68, 8 778 381 68 39.
«Ситибанк» АҚ бастамасымен, БҰҰ қорымен ­(ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, алты және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар сәбилер мен ауыр сырқатты жеткіншектерге көмек көрсетіп, қала бойынша 40 балаға ноутбук тегін таратылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =