Мектеп асханасына талап күшейеді

0 135

erm_4012-2-asli

Мектептегі оқушыларды тамақтандыру мем­лекеттік сатып алу жүйесіне тікелей байланысты. Осыған орай, кеше №32 мектеп-лицейде байқаудың кон­верттері ашылды. 

Комиссия мүшелері құжаттардың ережеде көрсетілген барлық тиісті талаптарға сай болуын тексереді. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алуға қатысатын кәсіпорындар 20 ақпан күні белгілі болады. Мектеп пен мекеме арасындағы келісімшарт 1 наурызға дейін жасалынуы шарт.
Ал төртінші тоқсанға қарай жаңадан қызмет көрсетуші тағайындалады.
Осы жылғы мемлекеттік сатып алу конкурсының бір ерекшелігі – таң­далған қызмет беруші мектеппен бір жылға емес, үш жылға келісімшарт жасасады. Бұл ретте мектеп басшы­ларының да айтар ойы бар.
«Мектеп директоры ретінде тағамның сапасы бізді де бей-жай қалдырмайды. Асхананың тазалығына дейін көңіл бөлеміз. Мектеп қабырғасында кішігірім наубайхана жұмыс істейді. Ас мәзірін кеңейтуге барынша көңіл бөлеміз. Өз басым оқушылармен бірге түстенемін, асхана тәртібі қатаң бақылауда» дейді мектеп директоры Виктор Гродер.
Ал асхана меңгерушісі Гүлзихан Дүйсенованың айтуынша, №32 мектеп-лицейінде балалардың ас мәзірін дайындау құқығын «Заяц» жеке кәсіпкер иемденген. Әрине, жыл басында балалар мен олардың ата-аналарымен келіспеушіліктер болды. Мемлекеттік тапсырыс аясында, бәліш – 80 теңге, шай – 40 теңге, кофе 60 теңге тұрады. Кешенді түскі ас 450-500 теңгені қамтиды. Ал 1-4 сынып оқушыларына түстену тегін екені белгілі.
Мектеп директоры Виктор Гродер жалпы білім беретін мекемелерде газдалған сусындарды сатуға рұқсат берілмегендігін мәлімдеді.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =