Мейірімділікке үндейді

0 74

«Мейірімділік керуені» атауымен Тұңғыш Президент қоры, іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» мен КТК телеарналары республикалық байқау ұйымдастырып отыр.


Байқау 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпаны аралығында жалғасады. Мұндай іс-шараның мақсаты – қайырымдылық идеяларын насихаттау және дамыту, белсенді азаматтардың еңбегін көрсету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып, сол арқылы өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтар қатыса алады.
Өтінімдер бес аталым бойынша қабылданады. Атап айтқанда, «Асар» аталымы ұлттық салт-дәстүрді дамытуға үлес қосушыларды, «Туған жер» аталымы туған өлкеге білім беру саласында, экология және абаттандыру бағытында қайырымдылық көмек көрсетушілерді, «Батыл жүрек» аталымы ерлік, қайсарлық танытқан азаматтарды, «Мейірім жолында» аталымы қайтарымсыз көмек көрсеткен, қайырымды жандарды ынталандыруды көздейді. Ал «Қайырымдылық тарихы» номинациясы қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударуға атсалысып, осы тақырыпта мақала жазған журналистерге беріледі.
Әр аймақтан бес үміткер ұсынылып, олардың қатарынан бес лауреат анықталады. Жеңімпаздар ақпан айының соңында, яғни Алғыс күні мерекесінің қарсаңында марапатталатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − seven =