МЕЙІРІМ СЫЙЛА БАЛАҒА!

0 189

IMG_5133

Астана қаласы Білім басқармасынан хабарлағандай, биыл 1 – 30 тамыз аралығында жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді.

«Мейірім сыйла балаға» деп жанашыр жандарға үндеу тастаған акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу.

Мектепке мұнтаздай, барлық керек-жарағы сай болып барған бала оқуға да қатар құрбыларынан қалмай, айрықша ынта-ықыласпен кіріседі. Сол себепті, ұйымдастырушылар қолы ашық, жомарт жандарды өскелең ұрпақтарымыз ештеңеден таршылық көрмей өсуге титтей де болса үлесін қосуға шақырады.
Акцияға қатысам деушілер Білім басқармасының 55-68-74, 55-68-75 телефон нөміріне хабарласа алады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =