«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мейірім өнегесі

0 301

Мереке қарсаңында елорда ден­сау­лық сақтау саласында бірегей кәсі­бімен ерек­шеленетін, көбіне ерлер ат­қа­ратын жұ­мыстан тартынбайтын жан­дарды оқыр­мандарға таныстырғым келді. Ойымда хирург, анестезиолог, травматолог сияқты жауапкершілігі ауыр мамандық иелерін таң­дармын деп ойлағанмын. Дегенмен ол ойым­ның өзгеруіне ерекше кейіпкерімізбен болған кездесу әсер етті.

Ол – «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы «Өркениет» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мария Өтебаева. Мария Мұхтарқызы ұжымның құрылған 2009 жылғы 15 қыркүйегінен осы істің басында жүр. Оның құрамында бүгінде 1850-ден астам партия мүшелері – медицина қызметкерлері бар екен.
Саясат пен денсаулық саласының тү­йісетін тұстары қайда дегенімізде, Мария Мұхтарқызы өткен айда өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасының сөйлеген сөзін алға тартып, партия қыз­метінен хабардар етті. «Бақуатты қоғам: он­­жылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі аралықты қамтитын жоспарда партия әлеуметтік бағыттарға ерекше басымдық беріп отыр.
Партияның алға қойған тағы бір мақсаты – ұлт денсаулығының мықты болуына қол жеткізу, ол үшін отандық медицина ошақтарын дамыту, олардың материалдық базасын нығайтып, инфрақұрылымды дамыту, үздік мамандарды тарту, осының нәтижесінде дені сау ұлт қалыптастыру. Мұның бәрі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әрқайсымыздың үлесімізбен қол жеткізіледі.
Айталық, «Нұр Отан» партиясының Ас­тана қаласындағы «Өркениет» филиа­лы «Бақытты балалық» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде жыл са­йын балаларға, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобына жататын жандарға медициналық көмек көрсетеді. «Жекелеген азаматтардан түскен өтініштерді қарап, оның оң шешіміне мән береміз. Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап «Мейірім сыйла» әлеуметтік жоба іске қосылып, балаларға «University Medical Center» кор­поративтік қорынан 10 квота қосымша бөлінді. Партияның 20 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы – 20 ізгі іс» шарасын өткізді. Осы ретте «University Medical Center» корпоративтік қорынан Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында науқастарды диагностикалау және ауруханаға жатқызу үшін 62 квота бөледі. Бұлар ауыр диагнозы бар науқастарды стационарлық емдеуге жатқызу үшін бөлінді. Бұлардың арасында зейнеткерлер мен жалғызілікті аналардың ем-домына кезексіз бөлу қарастырылған» деді Мария Өтебаева.
Бұдан бөлек, осы орталықтарда еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру, олардың да мұң-мұқтаждарына құлақ асып, осы бағытта әлеуметтік жобаларға өзгерістер енгізіп, мүдделерін алға шығару үшін де жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды