Мейірбике мерейі

0 10

Дәрігерлердің оң қолы болып саналатын мейірбикелер әрда­йым науқастардың да жанына жылулық сыйлап, жанынан табылады. Мейірбикелердің ерен еңбегінің үлгісі әріден келе жатыр. Майдан даласынан жаралыларды алып шыққан да – осылар. Үй-үйді аралап, тұрғындардың қамқоршысы бола білген де – менің әріптестерім. Медицина дамыған сайын олардың көп жұмысы жеңілдесе де, жанының ме­йір-шуағы мейірбикелер қыз­метінің негізін құрайды. Осы салада 5 жылдан бері мен де еңбек етіп келемін. Жылдар бойына өзімізге тиесілі медициналық қыз­метті ыждаһатпен орындап, әрбір науқасқа үлкен жанашырлық көрсетуден жалыққан емеспіз. Көп жағ­дайда «осылардың орнында өзім болсам не істер едім?» деген сұрақ ойыма оралады. Оның жауабы – өзімнің қыз­метім. Қиын сәттерде барлық білімімді, тәжірибемді салып, шын ықыласыммен әрбір науқастың жазылып кетуіне тілектестігімді осылайша қызметіммен білдіремін. Олардың науқасынан айығып кеткені – біздер үшін қуаныш, сол біздерге күш береді.
Биыл жұмысымызға үлкен өзгерістер еніп жатыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – жұртшылыққа да, медицина қызметкерлері үшін де жаңалық. Өткен жыл бойына жаңа жобаны барынша меңгеріп, қазіргі күнде оны халыққа түсін­діріп, осы бойынша жұмыс істеуге дайын­быз. Меніңше, білім мен біліктілікті арттырып, жаңа әдістерді игеріп, үнемі ізде­ніс­те болу барлық мамандық иелері үшін маңыз­ды. Алайда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін талап арта түседі. Өйт­кені біздер адам өмірінің сақ­шыларымыз.

Перизат СЕЙІТҚАСЫМ,
№11 қалалық
емхананың мейірбикесі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды