МЕДРЕСЕДЕ ОРЫС ТОПТАРЫ АШЫЛУДА

0 90

IMG_4618

Асыл дінімізде білім алу, ғылым меңгеру жоғары бағаланады. Еліміздің әр түкпірінен ай асып, жыл санап бой көрсетіп келе жатқан мешіт мұнаралары мен намазға жиылған жұртшылықтың қарасынан халықтың дінге деген ықыласы мен ынтасының артқаны байқалады.

Кеше елордамыздағы «Астана» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өткізілді. Мемлекеттік емтиханда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев бастаған білікті ұстаздар шәкірттердің білім деңгейлерін анықтады. Шәкірттермен сұхбат жүргізіп, түрлі сауалдар қойды. Бұған қоса, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша ЖОО оқытушы-профессорларының арнайы қатысуымен тест те жүргізілді.

Бүгінде дінге бет бұрып, құбыласын тани бастаған жастарымыздың кейбірі теріс пиғылды ағымдардың шырмауына ілігіп қалып жатады. Жаңылысқан жастарымыздың басым бөлігі орыс тілді жеткіншектер екенін бүгінде көз көріп, құлақ естіп жүр. Осы жайды жөнге салу мақсатында биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан орыс тілді уағыз-насихатты жандандыру мақсатында тың жобалар әзірленген болатын. Республикалық, жергілікті қазақ және орыс тілді ақпараттық-насихат топтары (РАНТ, ЖАНТ) құрылып, өңірлерде дін насихатын жүргізді. Биылғы медресе шаңырағында орыс тілді топтар да осы мақсатта ашылып, қабылдау емтиханында жалпы саны 52 шәкірт бақтарын сынап, 47-сі медресе шәкірті атанды. Оның 34-і қазақ тобына түссе, 13 бала орыс тобында үш жыл ілім игеруге мүмкіндік алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 1 =