«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Медициналық туризмнің жаңа өрісі

0 330

Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы Астананың жетекші клиникалары бойынша туристік операторлардың, Астаналық туризм қауымдастығы мен блогерлердің қатысуымен ақпараттық медициналық тур өткізді.

Туристік компаниялардың өкілдері Ұлттық кардиохирургия орталығын, Ұлттық нейрохирургия орталығын, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының» ауруханасын, Ұлттық ғылыми медициналық орталық пен «Үміт» томотерапия және ядролық медицина орталығын аралап, қызметімен танысты.
Осы клиникалардың маман-дәрігерлері нейрохирургия, кардиохирургия, ортопедия, онкология, ЭКО, «Check-up» (диагностика) қызметтері, сәулелік диагностика бо­йынша инновациялық медициналық технологиялармен таныстырды. Олар туристерге қажетті медициналық орталықтар бөлімшелері қызметінің негізгі аспектілері туралы баяндап, рентгеноперациялық, «Carto» аппаратының жұмысымен, қатерлі ісіктерді томотерапия арқылы емдеу барысын көрсетті.
Ақпараттық тур қорытындысы бо­йынша қатысушылар медициналық орталықтар мен туроператорлар арасында меморандумдар мен келісім­шарттарға қол қою туралы ниеттерін білдірді. Сонымен қатар, осы жылы шекара маңындағы елдерде «Қазақстандық медицина күндері» іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Осындай іс-шаралар шетелдік азаматтар мен медициналық әріптестерді еліміздегі медициналық саланы дамытудың жоғары деңгейін насихаттап, болашақта Қазақстанда ем-дом алуға жол ашатын медициналық туризмнің өсу үрдісін ынталандыруға мүмкіндік беретін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды