Медициналық бұйымдар шығарады

0 14

Түріктің «MFA Mask» компаниясы бас қалада медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын салады. Бұл кәсіпорында жылына 3,5 млн бетперде шығару жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

«Пандемия басталғаннан бері медициналық бетперде шығаруды жолға қойған кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетудеміз. Бұл өнім қажеттілігінің бір бөлігін жабуға мүмкіндік берді. Бүгін түрік инвесторларымен кездестік. «MFA Mask» компания­сы елордада медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын салады. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең 2021 жылдың күзінде басталады. Жыл сайын 3,5 млн медициналық өнім шығару жоспарлануда. Екінші кезеңде өнім көлемі 10 млн бірлікке дейін ұлғайтылады. Кәсіпорында медициналық маскалар, FFP2 және FFP3 класты рес­пираторлар, газға қарсы маскалар мен фильтрлер шығарылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде тұрақты 100 жұмыс орнын құруға болады» деп жазды қала басшысы Instagram-дағы парақшасында.
Әкімдік бұл жобаны Қазақстан Рес­публикасының Түркиядағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүзеге асырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 1 =