Медицина қызметкерлері өтемақы алды

0 31

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 259 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 11 медицина қызметкерінің туыс­тарына төлемдер аударды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.
МӘСҚ COVID-19 немесе вирус­тық пневмония жұқтырған 1 259 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 11 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (251) және Алматы қалаларынан (139), Алматы (105), Қарағанды (97) және Ақмола (95) облыстарынан жүргізілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + twelve =