МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

0 133

ERA_6922

Өткен жұма күні Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нұр Отан» партиясының «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ жанындағы филиалының төртінші есептік-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға бастауыш партия ұйымының 95 өкілі қатысты. Жиында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов сөз сөйлеп, пар­тияның «Ұлттық медицина холдингі» АҚ жанындағы филиалының төрағасы Серік Ақшолақов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Серік Қуандықұлының айтуынша, 2013-2014 жылдары Ұлттық медициналық холдингте 50 201 адамға тегін медици­налық көмек көрсетілген. Биыл Қазақ­станның шалғай аймақтарынан келген науқастар саны 24 пайызға артқан, дә­лірек айтқанда, 32 066 пациент холдинг клиникаларынан ем қабылдаған. Сондай-ақ, жоғары мамандандырылған көмек көрсету аясында 6 736 емделушіге және 199 науқасқа санитарлық-авиа­циялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша инновациялық технологияларды қолдана отырып жасаған барлық операцияның 80 пайызы Ұлттық медициналық холдингтің клиникаларында атқарылды.

Алқалы отырыста партия мүшелері Елбасы тапсырмасына сәйкес, соңғы 5 жылда өлім-жітім санын орта есеппен 15 пайызға қысқарту және өмір сүру жасын 80 жасқа дейін ұзарту мәселесінің медицина қызметкерлері үшін өзекті тақырып екені айтылды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 1 =