Медицина мектебі ашылады

0 90

Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңа көшбасшы боларлық дәрігер-зерттеушілерді даярлау үшін Назарбаев университеті Питтсбург университетінің медицина мектебін серіктес ретінде таңдады. «Бұл біздің Медицина мектебі үшін денсаулық сақтау саласында жаһандық кеңістікте университеттің мақсаттарына жауап беретін білім беру саласындағы әріптестіктің елеулі үлгілерінің бірі болып табылады» деп атап өтті Питтсбург университетінің медицина докторы, медицина ғылымдарының бас вице-канцлері және медицина мектебінің деканы Артур С.Левин.

2015 жылы күзде ашылатын Медицина мектебі ағылшын тілінде оқытады. Талапкерлерге қойылатын талаптар америкалық медицина мектептерінде, соның ішінде, «Medical College Admissions Test» мамандандырылған емтиханға дайындалу және тапсыру бағдарламасында қойылатын талаптармен бірдей.

Қазақстан 2011 жылдан бері Питтсбург университетін биомедицина саласына тартып келеді. 2012 жылы Назарбаев университеті нақ осы Питтсбург университеті Медицина орталығы (UPMC) отандық онкология және 300 орынды госпиталь, амбулаторлық база, бастапқы зерттеулер мен қонақүй кешенінен тұратын зерттеу орталығының құрылысын жүргізуде әріптестік орнатылатын ЖОО ретінде таңдалғанын жария етіп, бірлескен қызметті одан әрі кеңейте түсті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =