Медицина мекемелерін аралады

0 20

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Қожахметов пен Алтыншаш Табулдина «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғын алаптарында орналасқан №5 отбасылық денсаулық орталығы, Сан-Тоты медициналық орталығы және отбасылық дәрігерлік амбулаторияны аралады.

Депутаттар медицина мекемелерінің басшыларымен азаматтардан келіп түскен шағымдарды талқылады. Дәрігерлер мен науқастармен әңгімелесіп, нысандардың техникалық жабдықталуымен танысты.
– Пандемияда пациенттерді ғана емес, сонымен қатар медициналық персоналдың жұмысын қорғау үшін барлық санитарлық шараларды қатаң сақтау өте маңызды. Медицина мекемелер басшылығының өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтынына көңілім толды, – деді Талғат Қожахметов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − 3 =