МЕДИА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

0 177

Кеше Астанада Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын орындау мақсатында «Astana Media Week» қазақстандық медиапталығы басталды. Жиынды ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі және «Қазмедиа орталығы» басқару компаниясы» ЖШС ұйымдастырды.

– «Astana Media Week» қазақстандық медиаапталығы – бұл кең көлемдегі салалық іс-шаралар сериясы. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға.
Апталықтың негізгі мақсаты – отандық медиасфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустрия­дағы іскерлік қатынастарды ілгерілету. Бұл шараның өңірлік коммуникациялардың, медиа саласындағы серіктестік қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосатынына сенемін, – деді апталықтың ашылуына қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
Медиапталықтың алғашқы күні медиа-контентке тапсырыс беру­шілердің, ірі телевизиялық және радиокомпаниялардың, сонымен қатар, өндірістің жеке нарығы өкілдерінің ақпарат, медиа-сауық, музыка және кино салаларындағы авторлық жобалары, олардың болашағы талқыланды.
Бүгін «Жаңа медиаларда контентті ілгерілетудің тиімді құралдары», «БАҚ-та шиеленісті жағдайларды жариялау», «Жаңа медиа дәуірі. Конвергенттік журналис­тика», «Жаңалықтарды тексеру немесе БАҚ-тағы фейктердің қалай құрбаны болмау керек?» тақырыптарында тренингтер өтеді. Ал ертеңгі күн өңірлік журналистиканың өзекті мәселелеріне арналады.

Аманғали Қалжанов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 20 =