©2020 Астана Ақшамы
МЕДИА АЛАҢЫНДА – ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
24-25 сәуір күндері Астанада XII Еуразиялық медиа форум өтеді.
Бұл – еліміздегі алғашқы халықаралық жиындардың бірі. Форумда әлемдегі ең көкейкесті мәселелер мен оны шешудің жолдары туралы дүние жүзіне танымал журналистер, саясаткерлер мен сарапшы-мамандар ой-пікір алмасады.
Жылына 500-ден аса қатысушылардың басын қосатын алқалы жиын бүгінде Орталық Азия аумағындағы түйткілді мәселелерді шешудің жолын қарастыратын ашық алаңға айналды. Елімізге ат арытатындар кейін де бір-бірімен жарасымды байланыс орнатып, ақпараттармен алмасуға мүмкіндік алмақ.
Биыл медиа алаңында геосаясат пен медиа саласындағы және экономикалық тақырыптар қызу пікірталасқа айналмақ. Атап айтқанда, үшінші дүниежүзілік соғыстың туындап кетпеудің жолдары, Иран ядролық бағдарламасы, Таяу Шығыста өшпей тұрған от-жалын туралы, Украинадағы жағдай, Еуразиялық ықпалдастық, тағы да басқа көптеген жаһандық мәселелер күн тәртібіне шығады.