Мбаппе мүлт кетті

0 46

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының топтық іріктеу турнирін бастады. Бірінші ойынды әлем чемпиондары Франция құрамасына қарсы өткізді.

Бұл ойынды қазақстандықтар қанша асыға күткенімен, өкінішке қарай, пандемия жағдайына байланысты матч жанкүйерсіз өтті. Ал ойынның өзіне келер болсақ, Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның 19-шы минутында Усман Дембеле мергендігімен танылса, 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый бұрыштамадан берілген допты өз қақпасына гол соғып алды. Екінші таймда ойынға қосылған, бүгінгі таңдағы ең қымбат футболшы Килиан Мбаппе (180 млн еуро), пенальти соға алмады. Александр Мокин соққының бағытын дәл анықтап, допты алаң сыртына шығарып жіберді. «Астана Арена» алаңында сондай-ақ Гризман, Дембеле, Лориас секілді футбол жұлдыздары да доп тепті.
Енді Қазақстан құрамасы 31 наурызда сырт алаңда Украинамен ойнайды. Сол күні сырт алаңда Франция Босния және Герцоговина кездеседі.
D тобында Қазақстанның қарсыластары – Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 5 =