Жас орындаушылардың «Аялаған Астана» байқауының ақтық кезеңі 4-6 шілдеде Астана күнін мерекелеу күндері өткізіледі. Байқаудың жеңімпазы «Балалардың жаңа толқыны» атты халықаралық конкурста ел намысын қорғайтын болады. Былтырғы алғашқы байқауда көкшетаулық жас талап Болат Батырбаев жеңіске жеткен болатын.