Мәслихаттың маңызды сессиясы

0 114

Кеше Астана қаласы мәслихатының он бесінші кезектен тыс сессия-сында жауапты өкілдер өнімді істің өрісін танытты.

Күн тәртібінде Жеңіс күніне орай Астанадағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету, қаланың «Мэрлер Уағдаластығы» Еуропалық Одағына қосылу бастамасы, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар жобаларын келісу, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру және «Астана қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және оны ұзарту жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қойылды.
Одан кейін «Нұр Отан» ХДП Астана филиалының ұйымдастыруымен сайлау округтерінің қоғамдық қабылдау бөлімдерінде қалалық мәслихаттың 25 депутаты ашық есік күнін өткізуге кірісті. Бұл ретте, олар қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу мүмкіндіктерін жүйелі түрде іске асырды. Азаматтарға қажетті кеңес беру, құқықтық сауаттылығын артыру жағынан қажетті практикалық және заңнамалық көмектер көрсетілді.

Қалаулылардың қабылдауынан шыққан астаналық ағайындар дән риза. Өйткені, аталған іс-шара барысында қордаланған бірқатар мәселелері тиімді шешімін тауып, талап-тілектерінен шығуы тиіс қорытынды бақылауда ұсталатын болды. Партияның да қолда бар ресурсы – ең алдымен барлық деңгейдегі депутаттар және мемлекеттік орган өкілдерімен орнатқан тығыз байланыс болып табылады. Соның нәтижесінде қарапайым бұқара мәселелерінің оң шешімін табатыны айқын. Кеше өзіміз қоғамдық қабылдау өткізген Серік Жақсыбеков, Сайфудин Хамхоев, Тимур Оразақов, Уәлихан Досаев мырзалардың осы бір ортақ мақсаттағы мардымды жұмыстарының куәсі болып қайттық.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =