МӘСЛИХАТ МЕЖЕСІ

0 83

Қалалық мәслихаттың 14-кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар алдында Астана қаласы мәслихатының хатшысы 2016 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ә.Жұмаев «Астана қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәлімет беріп, соның негізінде депутаттар шешім шығарды.
«Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және оны суреттеу қағидасын бекітті. Сессия барысында «Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» әріптестік бағдарламасының қатысушыларын іріктеу бойынша комиссиясының құрамы бекітілді.
Сессиядан кейін қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісов газетімізге жыл бойы атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.

erm_7119

ӨЗЕКТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Мәслихат халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республика­сының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалай­тын жергілікті өкілді орган екені белгілі.
Осы уақытқа дейінгі есепті кезеңде Астана қаласының мәслихаты 13 сессия өткізіп, 92 шешім қабылдады.
Мәслихат сессияларында елордада индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, қаланың автомобиль жолдарын дамыту және ұстау, азаматтардың жеке санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қарастырылды. Астананың қалалық және қала сырты бағыттарында жолау­шылар мен багажды тұрақты түрде автомобильмен тасымалдау тарифтерін келісу және мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу туралы жобаларды мақұлдау жүр­гізілді. Қала мәслихаты қала­лық әкімдіктің персоналды құ­рамын және қаланың үш ауда­нының әкімдерін лауазымына тағайындауға келісім берді.
Мәслихат сессиясының ше­шімімен қаланың жергілікті өзін-өзі басқаруының аумақтық кеңесі және Ішкі істер депар­таменті Жергілікті полиция қызметі басшысының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар, қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзу­шылықтардың алдын алу жөнінде қабылданған шаралар туралы есебі бекітілді.
Алқалы жиындарда Астана қаласының 2017-2019 жыл­дарға арналған бюджеті бе­кітілді. Қалалық мәслихат де­путаттарының ұсынысына жеткізілген лимит шегінде мектептер үшін қажетті шаруа­шылық құралдарын сатып алуға, оқулықтар сатып алуға, ЭКСПО өткізу үшін автобустар сатып алуға, Тәуелсіздік сарайын және Жастар сарайының бір бөлігін жөндеуге және басқа әлеуметтік маңызды мәселелердің орындалуын қам­тамасыз етуге атсалысты.

Тұрақты комиссиялар жұмысы толассыз

Сессияларға дейін алдын ала мәселелерді қарас­тыру және дайындауды мәслихат шешімдерінің іске асы­рылуына көмек көрсетуді өз құзіреті шегінде тұрақты комиссиялар жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар есепті кезеңде 40 отырыс өткізіп, қырықтан астам мәселе қарастырды. Қа­ла­ның энергетикалық кеше­нінің күзгі-қысқы кезең жұмыс­тарына дайындығы, Астана қаласының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын сақтау, пәтер иелері кооперативтерінің қызметтерін жетілдіру, энергетика, әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюд­жеттік қаражатты тиімді пайдалану, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру шаралары туралы, саламатты өмір салтын қалыптастырудың мемле­кеттік саясатын іске асыру жөнінде мәселелер тыңдалып, талқыланды. Тұрақты комиссия­ларда «Дәстүрден тыс ағым­дарды таратумен күрес туралы», «Астана қаласында қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралар туралы» есептері тыңдалды.

Көпшілік тыңдауы мен «Депутат күндері»

Мәслихат жұмысының тиімді нысаны – көпшілік тыңдаулар. Онда азаматтардың мүдделеріне қатысты депутаттар мен сайлаушылар арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін мәселелер қозғалды. Есепті кезеңде тұрақты комиссия­лардың кеңейтілген отырыстарында елорда тұрғындарына саудалық қызмет көрсету және қызмет көрсету деңгейі мен сапасын көтеру, қала аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағиданы сақтау мәселелері талқыланды. Талқыланған мәселелер бойынша ұсынымдар әзірленді.
«Депутат күндері» аясында Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылар құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік­тердің басымдықтары мен міндеттері саласындағы заң­нама өзгерістері туралы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының салынып жатқан объектілерді бақылауды және қадағалауды іске асыру жөніндегі, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жергілікті бюджетті құру және жоспарлау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.

Сайлаушылармен кездесу депутаттың парызы

Бекітілген кестеге сәйкес депутаттар ай сайын сайлау округтерінде азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Өткен кезеңде сайлаушылармен 230-дан астам кездесу мен жиналыс өткізілді, шамамен 600 өтініш-талабы қарастырылды, жеке мәселесі бойынша 400-ден аса адам қабылданды.
Сондай-ақ, депутаттар әкімдік жанындағы барлық консультативтік-мәжіліс органдарына қатысты қоғамдық іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына қолдау білдіріп, белсенділік танытады. Оқу жылы қарсаңында республикада аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке дайындауда көмек көрсету жөнін­дегі «Мектепке жол» акция­сы өтті. Оған елорда мәс­ли­ха­­тының депутаттары да қатысты.
Қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қаланың кәсіподақ орта­лығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық бағдарла­ма­ларын жүзеге асыру, елор­да­ның кәсіпорындары мен ұйым­дарында заңнаманы сақ­тау мәселелерінде өзара ын­ты­мақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылды.
Мәслихат халықаралық қатынастарды оңтайлы түрде дамытуда. Ағымдағы жыл­дың қыр­күйегінде елор­да­­лық депутаттар Қытай Халық Рес­публикасының Хэйлун­цзян провинциясы делегациясымен Халықтық саяси-консуль­та­тивтік кеңес пен Астана қаласы мәсли­хаты арасындағы достық қаты­нас­тарды орнату мақ­сатында кездесу өткізді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =