Мәслихат депутаттары мектептерді аралады

0 8

Осы айдың аяғында өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мәселелері қаралады. Соған дайындық аясында депутаттар бірқатар орта білім беру орындарын аралап шықты. Нысандарды аралау барысында олар мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайымен танысты.Мәслихат депутаттары біраздан бері мемлекеттік жалпы білім беру орындарындағы оқушылардың тығыздығына назар аударып келе жатыр. Атап айтқанда, 74 мектепте оқушылар саны шамадан тыс көп. Ал 25 оқу орнында екі еседен артық.
Соның ішінде депутаттар №6 мектеп-гимназиясы, №28 мектеп-лицей және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі жағдайымен танысты.
Халық қалаулылары бұл мек­тептердегі өртке қарсы қауіп­сіздік мәселесі қанағаттанарлық жағ­дайда екенін атап өтті. Оларда төтенше жағдай туындаған кезінде адамдарды шығару жоспарлары дайындалған, қосалқы шығу есіктерінің алды ашық және бос. Сондай-ақ орта білім беру орындарында «Антипаника» жүйесі мен еркін шығуды қамтамасыз ететін автоматтандырылған есіктер, турникеттер мен сигнализация түймесі орнатылған.
Депутаттар мектептерде
та­мақ­танудың ұйым­дас­ты­рылуы­мен де танысып, асханаларды, спорт залдарын, медициналық кабинеттерді аралады.
Мектептер басшылары қазіргі уақытта ата-аналар қоғамдас­тығы белсенділігінің күшейе түскенін, кері байланыс «Күнделік» электрондық журналын пайдалану арқылы жолға қойыл­ғанын атап өтті. Оқу процесіне қатысты барлық даулы мәселелер кері байланыс арқылы тиімді шешіледі. Ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі де бракераждық комиссияның құрамына кіретін ата-­аналар тексереді.
Депутаттар тексеру нәтижесінде бірқатар ескертулер айтты.
Қалада мектеп жасындағы 9 мыңдай ерекше бала бар. Барлық білім беру ұйымдары олар кіріп-шығатындай жағдай жасай алмай отыр. Осы туралы да айтылды. Анықталған барлық мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды