Мәскеуден жүлдемен оралды

0 39

Ресей астанасы Мәскеуде ТМД мемлекеттері арасында «Кітап өнері» атты XVII халықаралық байқауы өтіп, онда Қазақстан Ресей мен Беларусь республикасынан кейін үшінші орын алды. Сондай-ақ байқауда еліміздің «Тау-Қайнар», «Сардар» баспа үйі, «Лантер Трейд» және Абай халықаралық қорының баспасы түрлі аталымдар бойынша жүлделі болды.

Әсіресе «Тау-Қайнар» баспасынан жарық көрген жинақтар жеті бірдей жүлдеге қол жеткізді. Соның ішінде «Астананың архитекторы» кітабы гран-приді жеңіп алды. Бұл толымды туындыда Арқа төсінде бой көтерген әсем елорданың негізін қалаған Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі жан-жақты көрсетілген. Одан кейін ғалым Серік Негимовтің «Мəлік Ғабдуллин – Ұлы Даланың мақтанышы» атты жинағы «ТМД-да басылған» аталымында топ жарды. Сонымен бірге «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап» номинациясында ­И.Акижанованың «Жібек жолының өсиет əңгімелері» кітабы да үздік шықты.
Ал «Сардар» баспасының «Мəдени диалог» номинация­сында «Ұлы Дала елі» кітабы бірінші, «Білім және ғылым» номинациясында «Қазақ хандары» жинағы екінші орын алды. «Лантар Трейд» баспасының «Иллюстрация өнері» аталымында «Композиция – оқу құралы» кітабы үшінші орыннан көрінді. Сонымен бірге Абай халықаралық қоры баспасының «Абай Құнанбайұлы» кітап сериясы «Менің елім» номинациясында арнайы сыйлыққа ие болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 1 =