МӘШҺҮР МАТЕМАТИК

0 225

ljcrffffffffff1

Астаналық профессор Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық тапсырманың бірін шешті.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады. Бұл еңбектің маңыздылығы – аталмыш проблема «мыңжылдықтың проблемасы» деп аталатын 7 ең күрделі математикалық есептің қатарына енген. Айта кетейік, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі уақытта мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (Пуанкаре гипотезасы) шешімін тапқан. Оның иесі – Григорий Перельман, ол Филдсовский сыйлығына ие болған.

Астаналық атақты математиктің  ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясы, функционалдық кеңістік теориясы, есептеу математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =