«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Масалар мазаламасын десек…

0 22

Көктем келіп, күн жылынысымен қалада маса қаптайтыны белгілі. Нұр-­Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы олардың санын азайту мақсатында жыл сайын масаларды улау жұмыстарын жүргізеді. Осыған орай елордада дезинсекциялық шаралар басталды.

b9747a5ec7122db925fc444e0ded075f_1280x720

Қала тұрғындары өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты eKnot қосымшасы арқылы ала алады. Бұл ретте алдымен биологтар, энтомологтар су айдындарында дернәсілдердің болуын тексереді, егер табылып жатса, олар масалардың жаппай көбеюін болдырмау үшін роторлы бүріккіштердің көмегімен немесе дезқұрылғысы бар арнайы машиналармен өңделеді. Осыдан кейін барып өңдеу жұмысы қаланың ішкі кварталдарында жалғасады.

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқарма басшысының орынбасары Жанар Елуанқызының айтуынша, аталмыш басқарма «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осымен үшінші маусым қатарынан қаладағы масаларды жою жұмыстарын жүргізуде.

– Бұл шара қала аумағындағы масалардың санын азайтуға бағытталған. Дезинсекция­лық жұмыстарды жүргізуге жыл сайын 150 адам жұмылдырылып, олар арнайы роторлармен жарақтандырылады. Сондай-ақ су айдындарында да, қаланың ішкі кварталдық аумақтарында да өңдеу жұмыстарын жүргізетін арнайы техника іске қосылады. Қызметкерлер толығымен нұсқаулықтан және кәсіби даярлықтан өтті. Дезинсекциялық жұмыс­тар кезінде пайдаланылатын препараттар қолдануға рұқсат етілген тізілімге енгізілген және санитарлық-эпидемия­логиялық станция қызметкерлерімен келісілген, – деді Ж.Бескемпірова.

Қалада іс-шаралар түнгі уақытта сағат 21.00-ден таңғы 04.00-ге дейін 6 тур бойы, орталықтан бастап, басқа өңірлерден масалардың жаппай көшуін болдырмас үшін елді мекендердің шекарасынан тыс жерлерге өткізіледі. Дезинсекциялық шаралар кезінде сақтық шараларын сақтау керек, оның ішінде өңделген жерлерге бармау және өңдеу кезінде терезелерді жабу алдын ала ескертіледі.

Мамандардың мәлімдеуінше, дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар адамдар мен жануарларға қауіптілігі аз препараттар қолданылады. Тұрғындар жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы eKnot (ТКШ мәселелері бойынша) мобильді қосымшасы арқылы хабардар етілетін болады, оның көмегімен тұрғындар мен меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары өз үйінің аумағындағы масаларға қарсы дезинсекция қашан жүргізілетіні туралы мекенжай бойынша хабарландыру алады. Мекенжай хабарламаларын алу үшін eKnot қосымшасына тіркеліп, үйінің мекенжайын көрсету керек. Сондай-ақ мұнда басқа да ақпарат, жадынамалар, инфографика, дезинсекция бойынша жедел желі телефондары көрсетіледі.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды