МАРҒҰЛАН МҰРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

0 116

«Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы». Осындай атаумен Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектепте тұңғыш рет I республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Негізгі мақсат: соңына жақсы ісі мен сөзін қалдырып, ұлттың ұлы мұраты үшін жанын сала аямай еңбектенген ғалым есімін ұлықтау. Марғұлан мұраларын кейінгі ұрпаққа насихаттау. Осынау игі шараға арнайы ат басын бұрған Астана қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина сөз алып, конференцияға сәттілік тіледі.

Конференцияға Семей, Қарағанды, Екібастұз қалаларынан келген мектеп оқушылары мен студенттер өз баяндамаларын оқыды. Сәйкесінше, өз кезінде ғалым көтеріп кеткен Қазақтану, Шоқантану, сонымен қатар, Марғұлантану мәселелері де қамтылды. Шоқан Уәлихановтың ел біле бермейтін беймәлім өмірі жайында жаңа тарихи деректер сарапқа салынды. Марғұлан мұрасын танытуда мектеп басшылығы «Әлкей әліппесі» атты оқу құралын жарыққа шығарды. «Марғұлан» журналы да оқырмандардың көзайымына айналып үлгерді.

Конференция соңында үздік жұмыстар іріктеліп, қатысқан жас ғалымдарға арнайы дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =