Марфуға мұрасы

0 43

Жақында мемлекеттік тапсырыспен өмірден ерте өткен, белгілі ақын Марфуға Бектемірованың таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрді.

Бірінші томға ақынның нәзік сезімге толы сыршыл да ойлы жырлары мен поэмалары топтастырылған.
Екінші томға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, филология ғылымының докторы Сәуле Тапанова, профессор Жанат Әскербекқызы, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандағы филиалының филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы Галина Власова секілді ғалымдардың Марфуға Бектемірованың шығармашылығы жөнінде әдеби тұрғыдан жан-жақты талдау жасаған пікірлері жарияланған. Сондай-ақ осы томға ақынның философиялық, әсерлі төрттағандары мен тартымды әңгімелері мен оқшау ойлары, орыс тіліне аударылған өлеңдері де енгізілген.
Бір сөзбен айтқанда, талантты ақынның тәрбиелік мәні зор терең мазмұнды, шебер тілмен жазылған тағылымды шығармалары оқырмандардың көңілінен шығады деп ойлаймыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − eight =