МАҚТЫМҚҰЛЫ – ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

0 210

МАҚТЫМҚҰЛЫ

Бұрнағы күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мақтымқұлы және дәстүрлі түркі поэзиясы» тақырыбында конференция өтті. Түркі академиясы ұйымдастырған бұл шара түркіменнің ұлы ақынының 290 жылдығына арналған. Басқосуға түркі тілдес елдердің елшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сенат және мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, көрнекті жазушылар, ғалымдар қатысты.

Конференцияны Қазақ­станның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев құттықтау сөзбен ашты. Халық жазушысы бұл жиын екі ел арасындағы рухани-адамгершілік негіз­дерді нығайта түсетінін айтып, Мақтымқұлы шығар­ма­ларын кеңінен таратып, жастардың бойына сіңіру қажеттігін баса айтты. «Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы Мақтым­құлы Пырағы тек түркімен халқының ғана мақтаны емес, түгел түркінің тегеуі­рінді ақыны һәм ортақ жау­һары» деген Ә.Кекілбаев сөзінің соңында түркімен тілінен өзі тәржімалаған Мақ­тұм­құлы­ның «Мызғымас ел» дейтін өлеңін оқып берді.

Отырыс барысында Түркі­мен­станның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мақтымқұлы Ақмырадов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сенат депутаты Нұрлан Оразалин, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті Сауытбек Абдрах­манов, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әділ Ахметов, Президент баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Омаров, түркітанушы Шәкір Ыбыраев, түркіменстандық ғалым Аннагурбан Аширов баяндама жасады.

Осыған дейін «ТҮРКСОЙ» халық­аралық ұйы­мы түр­кі халық­­та­рының ұлы тұл­­ға­ларына арналған «Мақтым­құлы»­ медалін әзір­леген екен. Жиында осы сыйлықтың алғашқысы түркі тілдес халықтардың әдебиетін әлемге танытып, қазақ-түркімен ынтымақтастығына үлес қосқаны үшін Әбіш Кекілбаевқа берілді.
Жиында арнаулы қарар қабылданып, Мақтымқұлының әндері шырқалды.

Сәния СПАНДИЯР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 1 =