Мақтаралға 40 тонна азық-түлік жіберіледі

0 13

Nur Otan партиясының астаналық еріктілері су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал ауданына 40 тонна азық-түлік жөнелтеді. Жастар қанатының жетекшісі Ернұр Бейсенбаев апат болған жерде 100-ден аса адам жұмыс істейтін еріктілер штабы құрылғанын мәлім етті. Су тартылған кезде барлық еріктілер жұмысқа жұмылдырылады.Е.Бейсенбаев еріктілердің індетпен күресуде де ұйымшылдығы мен бірлігін көрсеткенін айтады. Биыл 19 наурыздан бастап Nur Otan партиясының төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Біз біргеміз!» акциясы басталды. Акция шеңберінде жасотандықтар 110 мыңнан аса отбасына азық-түлік, гигиеналық құралдар жеткізіпті. «Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 5 миллионнан астам маскалар таратылды. Күн сайын ел аумағындағы 3 мыңнан аса жалғызбасты зейнеткерлер ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мұның бәрі – еріктілердің көмегімен атқарылған істер. Қазір Jas Otan-ның қатарында 3 мыңнан астам еріктілер бар, олар еліміздің барлық аумағында жұмыс істейді» деді Елнұр Бейсенбаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =