Мақсаты айқын Мейірім

0 120

Елордалық Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 13 жекпе-жекте жеңіске жетті.

Әуесқой бокста жастар арасындағы Азия чемпионы, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы, «Астана арландары» сапында WSB турнирінің чемпионы ­Мейірім Нұрсұлтанов 2016 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан еді. АҚШ-тың Калифорния қаласында Роберто Гарсия бапкердің қол астында жаттыға бастады. Содан бері 13 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның ішінде 8 қарсыласын нокаутпен ұтты.

Мейірім соңғы жекпе-жегін өткен сенбіде Екатеринбург қаласында өткізді. Шаршы алаң иесі Илья Баландин мен Мейірім Нұрсұлтанов арасындағы айқасты мамандар «өліспей-беріспейтін» жекпе-жек болады деп топшылаған болатын. Алайда қазақ боксшысы тактикалық тұрғыдан да, техникалық жағынан да шеберлігін мойындатып, қарсыласын қапыда қалдырып кетті. Төрешілер 8 раундта да Мейірім Нұрсұлтановтың басымдық танытқанын бірауыздан шешті. Осы жеңістен кейін қазақстандық боксшының рейтингі бірнеше сатыға көтерілді.
Осылайша, «Мен ағам секілді әлем чемпионы боламын» деген Мейірім әуесқой бокстан әлем және Азия чемпионы атанған туған ағасы Мерей Ақшаловтың жеңісті жолын кәсіпқой бокс әлемінде жалғастыруды мақсат етеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =