МАҚСАТ – ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ

0 35

«Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылы

қтарының себептерін жою мақсатында жиналыс өтті. Елорда әкімінің орынбасары Асқар Амриннің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиеваның, «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар басқармасының төрағасы Рүстем Қуанышбаевтың, қалалық мәслихат депутаттары Мирас Шекеновтің, Илья Мещеряков, Гүлнар Данбаева, Сергей Солодовников және мүдделі мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен өткен отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген «Астана» ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижелері қаралды.

Жазира Жылқышиева әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның нормативтік құқықтық актілері мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтты. Департамент «Аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы» заңды әзірлеу туралы мәселені қарау туралы ұсыныс жасады, өйткені аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттың болмауы ӘКК қызметін реттейтін нормаларды анықтауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу кезінде заң бұзушылықтар анықталды: мысалы, бас есепшіге қойылатын біліктілік талаптарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 2 жыл екендігі анықталған, ал біліктілік анықтамалығына сәйкес басшылық лауазымдардағы жұмыс өтіліне қойылатын талап 5 жылдан кем емес. Бұл заң бұзушылық біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкердің еңбек қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін.
ӘКК-нің негізгі функцияларының бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Осы қызмет саласын талдау бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруда ашықтықтың жоқтығын көрсетті. Кездесу барысында «келісімшартты тікелей жасасу арқылы» сатып алу әдісімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескерусіз жүзеге асырылатын тауарларды сатып алуды талдау нәтижелері ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жағдайы туралы баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізу кезіндегі формальды тәсілді атап өтті. «Анықталған кемшіліктер ӘКК басшылығының ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлсіз бақылауын және сыбайлас жемқорлық тәуе­келдерін анықтау және жою, сондай-ақ ӘКК қызметінің барлық салаларында ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді» деді Жазира Жылқышиева.
Кездесу барысында «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов қалалық мәслихат депутаттарының, «Астана» ӘКК өкілдері, облыстық әкімдіктер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен бөлшек сауда мониторингі жүргізілгені туралы айтты. Спикер заңсыз құрылған сауда орындарының анықталғанын және жергілікті атқарушы органдар мен ӘКК-нің елордаға павильондарды орналас­тыру тәртібін бұзу фактілерін жою бойынша шаралар қабылдамағанын атап өтті.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 7 =