МАҚСАТ-МҰРАТТАРЫН АЙТТЫ

0 119

Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланғандар жақында құрылған Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің жұмысына қолдау көрсетеді. Ол жөнінде бұрнағы күні Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Егор Каппель мәлімдеді. Онымен бірге брифингке қатысқан әріптестері Розақұл Халмұрадов, Роман Ким, Надежда Нестерова, Ахмет Мұрадов Ассамблеядан Парламенттің төменгі палатасына сайланғандардың мақсат-мұраттарына тоқталды.
Депутат Розақұл Халмұрадовтың айтуынша, Қазақстан халқы ассамблеясы Ресей лингвисі Дмитрий Петровтың әдістемесі негізінде «Тіл дарын» бағдарламасын енгізген. Ал, Қазақстандағы корейлер қауымдастығы балабақшада қазақ тілін үйрететін жобаны жасаған. Әзір бұл жоба Алматы қаласының балабақшаларында сынақтан өтіп жатқан көрінеді.
Осыдан 7-8 жыл бұрын «Қазақстан өзбектерінің достық қауымдастығы» өзбек тілінде сабақ өтетін мектептердегі кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту жобасын енгізді. Қазір өзбек мектептерінде Қазақстан тарихы пәні қазақ тілінде оқытылып жүр екен. Жоба енгеннен кейін 3-4 жыл өткен соң сол мектеп түлектерінің 85 пайызы мемлекеттік грантқа ие бола бастағанын көріп, ассамблея атынан депутаттыққа сайланғандар осы жобаны Білім және ғылым министрлігіне ұсынған. Алайда, министрлік мұның енгізілуін 2015 жылға ысырып қойған. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап ҰБТ тапсырған өзге тілде оқытатын мектеп түлектерінің қазақ тілі пәнінен алған баллдары есепке алынатын болды. Розақұл Сатыбалдыұлы депутаттық сауал жолдап, Білім және ғылым министрлігінен осындай жауап алған.
Брифингте айтылған өзге пікірлерге келсек, Розақұл Халмұрадовтың пайымынша, еліміздегі тоқыма өнеркәсібін дамыту үшін астықты тұрақтандыру қоры сияқты мақтаны тұрақтандыру қоры құрылуы тиіс. Сәйкес ұсынысты ол Үкіметке жолдап отыр

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 4 =