МАҚСАТ – АЙҚЫН, МІНДЕТ – ЗОР

0 155

ЖОЛДАУ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру аясында «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі биыл шығармашыл зиялы қауым мен өнердің беделді өкілдерінен сарапшылар пулын құрған еді. Осы жоба негізінде Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі міндеттерін талқылап, оны әрі қарай ілгерілетуге арналған сарапшылар отырысы өткізілді.

Сондай-ақ, талқыға Елбасының Жолдауымен қатар, мәдениет саласын дамыту жөніндегі тұжырымдама жобасының басым міндеттері де салынды. Ұлттық ғылым акаде­мия­­сының академигі, филосо­фия ғы­лымының докторы, профес­сор Әбдімәлік Нысанбаев, белгілі кино режиссері, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Халила Омаров, респуб­ли­калық Абай қоры­ның президенті, саясаткер Жұмабек Ашуұлы, «Арсистем КZ» рес­публикалық қо­ғамдық бірлес­тігінің төрағасы Әділ Несіпбаев, белгілі эстрада әншісі Сәкен Қалымов және философия ғылымының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов сынды сарапшылар Елбасы Жолдауының жүзеге асу барысы туралы ойларын ортаға салды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты және жалпы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларындағы елдің дамуына байланысты нақты бағыт-бағдарлар айқындалып келе жатқанына тағы бір анық көз жеткені айтылды.

Бұл ретте елді саяси-экономикалық тұрғыда жедел дамыту жолындағы бірқатар  мемлекеттердің  тәжірибесі халықтың басым бөлігі жаңарту саясатын саналы түрде қолдаған уақытта ғана мүмкін болатындығын көрсетіп отыр. Осы орайда, көз­деген міндеттің оң шешілуіне елі­міздің әлемдік бәсекеге қабілетті мемлекеттері қатарына қосылу стратегиясының жүзеге асырылуы өзіндік септігін тигізбек.

Жақсы СӘТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 9 =