МАҚАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ

0 204

Қазақстан халқы тілдерінің XIX қалалық фестивалі аясында Орталық-тандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 балалар кітапханасы «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» деген қызыққа толы әдеби кеш өткізді.

Оған қаладағы №15 мек­теп-лицейінің 6 «а» сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты жеткін­шектерді атадан қалған асыл сөздің құнарына терең бойлап, тапқыр сөйлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, сөз­дік қорын дамытуға бағыт­талған.
Әсіресе, оқушылар «Кім көп біледі?», «Кім тапқыр?», «Жеті жұрттың тілін біл», «Ойлы болсаң – озып көр», «Тұрақты тіркестердің ма­ғы­насын ашу» секілді сайыс­тарға белсенді атсалысып, кештің көрігін қыздырды. Сайыс үш тілде өтті. Балалар үш тілде де қойылған сұрақтарға тосылмай жа­уап берді. Өлең оқып, ән шыр­қады. Жеңімпаздар сый­лықтармен марапатталды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 9 =