МАНТУ СЫНАМАСЫ – МІНДЕТТІ ЕКПЕ

0 1  117

Роза:
– Құрметті әкім, балабақшаға анықтама алу үшін емханаға барған едік. Екі апта бойы қаралып, анализдердің барлығын тапсырып, қорытындысын алуға келгенімізде, дәрігер: «Манту ектірмегенсіңдер» деп, қағазға қол қоймады. Айтайын дегенім: балам әлі үш жаста, ал манту екпесі бес жасқа дейін жасала береді. Ендеше, бізді «мантусыз анықтама бермейміз» деп неге текке сенделтеді? 

ЖАУАП:

– Роза, профилактикалық медициналық тексеру мен лабораториялық зерттеу баланы мектепке дейінгі мекемеге тіркеуге арналған міндетті дайындық сатысы болып табылады. Жоспарлы медициналық тексерулердің барлығы шұғылдықты қажет етпейді, бекітілген жеріне қарай аумақтық емханаларға алдын ала тіркелу бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі «Өкпе ауруымен күресу жөніндегі кейбір мәселелер туралы» бұйрығына сәйкес манту сынамасы 1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын егілуге тиіс. Осы тұрғыдан дәрігерлердікі дұрыс. Мұндай әрекет туберкулезді ертерек анықтап, оны жұқтырған балаларды табуға, оларға уақтылы ем-дом қолдануға бағытталған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × one =