«Мәншүк ерлігі» шырқалды

0 149

Қазақ ұлттық өнер универ-ситетінде халық аспаптар оркестрінің «Мерекелік шеру» атты концерті өтті. Оркестрдің жетекшісі – ҚР Мәдениет қайрат-кері, сазгер Қайрат Бекенов.

Өнер иелерінің қатысуымен өткен концертте халық композиторлары мен сазгерлердің ән-күйлері орындалды. Атап өтерлігі, осы концертте талантты ақын Айбатыр Сейтақтың сөзіне жазылған «Мәншүк ерлігі» атты ән алғаш рет шырқалды. Бұл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың даңқты қызы М.Мәметованың туғанына 90 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 6 =