Мансардтың мазасы қашты

0 89

Астанада бірқатар үйлердің мансардтары мен шатырларын бұзу жұмыстары басталды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті  Ақтасты, Жұбанов, Брусиловский, Жирентаев, Петров, Конституция, Қарасай батыр, Есенберлин, Айманов көшелерінде және Абай даңғылында орналасқан мұндай үйлерді апатты жағдайда деп таныды.  Сондықтан жергілікті техногендік төтенше жағдайды жою және болдырмау мақсатында аталмыш үйлердің төбесін бұзу туралы шешім қабылданды.  Нысандарды тексеру барысында оның адам өміріне қауіп төндіруі мүмкіндігі анықталған. Бүгінде технологиялық жағдайы нашар тұрғын үйлердің шатырын жөндеу және құрылысы аяқталмаған қабаттарды бұзу жұмыстары басталып кетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 11 =