©2020 Астана Ақшамы
МӘНІ ЗОР МОНОГРАФИЯ
Белгілі әдебиетші ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы және Амантай Шәріптің «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» атты ұжымдық монографиясы жарық көрді.
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сейіт Қасқабасов сарапшылық жасаған еңбекті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институты баспаға ұсыныпты.
Автордың үшеуі де елімізге танымал ғалымдар. Қай-қайсысы да әдебиеттану саласында өзіндік орны бар жандар.
Ғылыми еңбекте ментальдік пен көркемдік-шығармашылық сананың арақатынасы қарастырылған. Кітапта үш зерттеушінің ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік мәселелер төңірегіндегі ой-пікірлері бір арнаға тоғысып отырады.
«Жаһандану дәуіріндегі әлемдік рухани сұраныстардың аясында қазақ қоғамының идеологиялық және зияткерлік дәрмен-дәрежесінің маңызы арта түседі. Бұл орайда ұлттық әдебиетке жүктелер міндет аз емес. Сондықтан, оның байырғы қазынасын бүгінгі үдерістермен байланыстыра отырып, терең және жан-жақты зерделеу – қарайлауды көтермейтін қажеттілік» дейді авторлар кітаптың кіріспе сөзінде.
Шынар ДОСАН