МӘНІ ЕРЕКШЕ МӘДЕНИЕТ МЕЙРАМЫНЫҢ

0 133

mar-25-2

Өткен жылдан бастап­ ҚР Президентінің Жарлығымен 21 мамыр­ – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

Бұны мәдениет жәнеөнер майтал­ман­да­рының еңбегіөз деңгейінде еленіп, осықайраткерлердіңқоғам­дағы рөлін айшықтаған оқиға ретіндеқабылдадым. Олай дейтінім, респуб­ли­калық мәдениет, спорт және ақпаратқызметкерлері кәсіподағының Астанақалалық филиалының төрайымы ретіндегіқызметім арқылы осы саланыңәлеуметтік жағы мағанөте жақын екенін айтқым келеді.

Алдымен, мәдениет, өнерқызмет­ке­рі­нің кім екенін анықтап алайық. Оның негізгі кәсібиқызметі – мәдениқұн­ды­лықтарды сақтаумен, дамытумен, насихаттаумен байланысты екені бәрімізге мәлім. Олар жасұрпақтыөнерге баулып, адам жанынәдемілікке, руханиүйлесімділіккеүйрететін жандар деп бағалағанымыз жөн. Руханиятымызды байытып, мәдениқұндылықтардықайта түлету, дамыту, сондай-ақ осы асылқазынамызға бұқараны тарту жөніндегіқызметі де ерекше.

Рас ол егін екпейді, жерқазбайды немесе мал бағып, сауда-саттықпен де айналыспайды. Оғанқарап олардың еңбегін олқысынуға болмайды. Біле білсек, мәдениет саласындағы бүкіләлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар олардыңқатысуынсызөтпейді. Олар – еліміздіңөркениетініңөлшемі. Олардың талантымен адамзаттың рухани биігіөлшенеді. Оларқазақ деген халықтың имиджін, бет-бейнесін сомдайды. Сол себепті де еңбегінің бәсі жоғары болмақ.

Елордада республикалық маңызы бар нысандарменқоса есептегенде 69 мәдениет ошағы бар. Оның ішінде 7 мұражай, 7 театр, 24 кітапхана, 3 концерттік зал, 1 цирк, бірнеше кинотеатр, 4 көркем сурет галереясы бар. Осыөнер ордаларында мыңдаған жан еңбек етеді, қарапайым адамдарға білінбейтінұшы-қиыры жоқ, үлкен істің бір шетінде жүреді. Ал, жекеөнер адамыныңөзіүнемі ізденісүстінде жүріп, талантынұштап, халық көңілінен шығатын биікте табылуы орасан еңбек пен сүйіспеншіліктің арқасында екенін айтуымыз керек.

Еңбектеріңіз жана берсін, құрметті мәдениет майталмандары!

Светлана ИМАНҚҰЛОВА,

Республикалық мәдениет,спорт және ақпаратқызметкерлерінің кәсіподағының Астанақалалық филиалының төрайымы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + nineteen =