Маңызды мiндеттер межесi

0 83

Есiл ауданында Елбасының «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын халыққа түсiндiру мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерi өз жұмыстарын Ұлттық академиялық кiтапханадан бастады.
Жиында сөз сөйлеген Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Электроэнергетика және көмiр өнеркәсiбi департаментi директорының орынбасары Владимир Клякин Елбасы Жолдауында елдiң әлеуметтiк-экономикасына басым бағыт берiлу тегiн еместiгiн жеткiздi.
Әлем елдерiне ортақ дағдарыстың алдын алуда халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды. Бұл әрбiр қазақстандыққа жүктелген мiндет. Заманауи технологиялар мен өнеркәсiп саласын дамыту да әлемдiк қауымдастыққа қауiп төндiрген дағдарыстан шығудың негiзгi тетiгi болмақ.
Биылғы Елбасы Жолдауының маңызын арттыратын тағы бiр мәселе – Қазақстан экономикасына тiкелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады.
Жиын барысында аталмыш департамент басшысының орынбасары Владимир Клякин елдегi туризм табысының негiзгi нүктелерiн зерттей отырып, курортты аймақтарды дамытудың арнайы жоспары жасалып, бұл бағытта Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне қарасты арнайы комитет жұмыс жүргiзiп жатқанын айтты.
Елбасының «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттайтын республикалық ақпараттық топтың жұмысы мұнан кейiн «Қазақстан» Орталық концерт залында, Ұлттық медициналық холдингте, Трансфузиология ғылыми орталығында жалғасты.
«Қазақстан» орталық концерт залындағы жиынды ақпараттық-насихат тобының мүшелерi Экономикалық даму және сауда министрлiгi Сауда комитетi төрағасының орынбасары Қайрат Тiлебалдинов және Ауылша-руашылық өнiмдерi және қайта өңдеу департаментiнiң директоры Айна Құсайынова жүргiздi.
Елдiң экономикалық даму серпiндiлiгiне байланыстырылған бизнес-құрылымдармен қатар, республиканың аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкiндiктерге және инновациялар енгiзу үшiн жоғары әлеуетке ие екендiгiн тiлге тиек еттi.
Азық-түлiкке деген қажеттiлiк әлемде жыл сайын өсiп отыр. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл маңызды құжатта ауылшаруашылық саласына айрықша мән берiп отыр. Сондықтан Үкiметке мал шаруашылығының салаларын, оның iшiнде қой шаруашылығын, сондай-ақ, жемазық өндiрiсi мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламалар жасау жүктелген болатын.
Жолдау жүктеген мiндеттердiң бүгiнде бiразы қолға алынған. Бұл қара бұлты әлi сейiле қоймаған дағдарысты еңсерiп, елдiң экономикалық, ең бастысы, әлеуметтiк тұрғыдан жандануына жол ашатын басым бағыттар болып отыр.

Серiкгүл СҰЛТАНҚАЖЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 15 =