Мәңгілік ел мұрасы

0 47

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің жаңа XXV маусымы «Мәңгілік ел» концертімен ашылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кеш «Астана» концерт залында өтті.

image-28-09-21-11-11-4
image-28-09-21-11-11-3
image-28-09-21-11-11-2
image-28-09-21-11-11-1
image-28-09-21-11-11
previous arrow
next arrow

Оркестрдің көркемдік жетекшісі-бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
профессор Айтқали Жайымов, дирижерлер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов пен
халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Жайымның жетекшілігімен өнер ұжымы
отаншылдық рухтағы музыкалық шығармаларды орындады.

Қазақ оркестрімен бірге Мәдениет саласының үздігі Берік Омаров, Жанар Жүсіпова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Әбілда, Алтынбек Арыстанбек, Әмина Бошымова, Әйгерім Аманжолова, Бибігүл Тыныштық және «Туған жер» атты балалар мен жасөспірімдер студиясының бишілері өнер көрсетті.

Ал өткен демалыс күндері филармония әртістері «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер
көшесіндеәсемәндердіәуелетіп, қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтерді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − nine =