«Мәңгілік» бейне

0 49

Елорда тұрғын үйлерінің қасбеттеріндегі түрлі граффити мен кескіндемелер қала тұрғындарының назарын аудара бастады. Суреттеу өнерінің хас шеберлерінің қазақстандық әйелдерге арналған муралы да көпшілік ойынан шықты.«Мәңгілік» атты мурал­дың авторы – Бейбіт Әсем­құл. «2020 жылы біздің елорданың қасбеттерінде әдетте сирек кездесетін әйелдерге кескінін салар уақыт келді. Дәстүрлі көш­пелілер мәдениетінде әйелдердің рөлі ерекше болған. Олар ошақ иесі болумен қатар, ел басына күн туғанда атқа қонып, жауынгерлік қырын да таныта білген. Көптеген фольклорлық шығармаларда жауынгер бейнесіндегі әйелдер туралы аңыздар айтылады. Бұл көшпелі мәдениеттегі әйел­дердің өзін-өзі тану үшін түрлі мүмкіндіктерге ие болғандығын дәлелдейді» дейді суретші.
Жоба авторларының айтуынша, шығарма жеке тарихи тұлғаға емес, қазақ әйелдеріне арналған. Кескінде сәукеледегі жас келіншек пен кимешегі ұзартылған, жүзінен даналық рухы ескен әйел бейнеленген. Мифология мен мәдениет арқылы суретші Бейбіт Әсемқұл барлық аналар мен балаларды қорғайтын Ұмай ананың бейнесін жасап шығарған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =