МӘМС мәселені шеше ме?

0 53

Індет елді жайлаған соңғы 4 айда денсаулық сақтау саласының барлық ресурсы коронавирус­пен күрес шараларына бағытталды. Медициналық ұйымдар шұғыл қайта бейімделді. Мыңдаған медицина қызметкерлері еліміздің ауруханалары мен емханаларында тәулік бойы вахталық жұмысқа ауысты. Осы инфекциядан емдеу және медицина ұйымдарын қаржыландыру ісіне медициналық сақтандыру саласы жауапты болды.«МӘМС жүйесінің коронавирус инфекциясымен күрестегі үлесі» туралы брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирусқа қарсы күрес шараларына елімізде жалпы 56,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Оның ішінде керек жабдықтар алу, медицина мамандарына ақша төлеу, төсек-орындар әзірлеу және тағы да басқа қызметтер үшін төлемдер бар. Халыққа көмек көрсету үшін 630 мекемемен шарт жасалған. Төрағаның айтуынша, қор КВИ диагностикасына, емдеуге және асқынуларға байланыс­ты барлық шығынды медициналық ұйымдарға өтеу үшін емдеудің ауырлығын ескере отырып жаңа тарифтер дайындаған.
– Сонымен коронавирустық инфекция­ның жеңіл деңгейіндегі бір науқасты емдеуге – 292600 теңге, орташа деңгейдегі науқас үшін – 446100 теңге, ауыр науқас­ты емдеуге 1,5 млн теңге бөлінеді. Өте ауыр халдегі пациенттерге қордан бір науқас үшін 1,7 млн теңге қарастырылмақ. Маусым айының соңында қор жеткізуші мекемелердің қызметі мен қауіпті аймақта жұмыс істеген медицина мамандарына 44 млрд теңге бөлінді, – деді Б.Төкежанов.
Елде бұған дейін дау туғызып келген дәрі-дәрмекке қатысты енді ешқандай қиындық болмауға тиіс. Себебі аталған қор басшысы халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін «СҚ-Фармация» КЕАҚ-мен бірлесіп толықтай алдын ала төлем жасалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар қордың штат құрылымы да қайта қаралып, қайталанатын қызметтерді алып тастау арқылы оның саны азайтылмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =